Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№5 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Нұр-Сұлтан (Астана), Ақан Сері к-сі, 20
109
+7 (7172) 57 63 20

Корпоративтік құрылым

Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ "№5 қалалық емхана" МКК Бақылау кеңесінің құрамы "Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" ММ басшысының 17.01.2019 ж. № 51-ө бұйрығымен бекітілген.

Байқау кеңесі туралы ереже Астана қаласы әкімдігінің 19.06.2015 жылғы "Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардағы байқау кеңестері туралы" 
№ 106-1029 қаулысымен бекітілді.
Өкілеттік мерзімі – 3 жыл.

Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ "№5 қалалық емхана" МКК Бақылау кеңесінің төрайымы Петухова Надежда Михайловна.


Қазіргі уақытта: Еуразиялық медицина  ассоциациясының Вице-президенті  

Білімі

  • Мемлекеттік  Целиноград  медициналық институт (1977)

Емдеуші дәрігер

  • денсаулық сақтауды ұйымдастырудағы әлеуметтік гигиена бойынша жоғары санатты дәрігер 

Еңбек өтілі:

  •  Интерн дәрігер, учаскелік  педиатр дәрігер Целиноград  қалалық балалар ауруханасы (1977-1981);
  • Инспектор - дәрігер, емдеу –алдын алу секторының басшысы, Целиноград облыстық денсаулық сақтау бөлімі меңгерушісінің орынбасары (1981-1988);
  • Астана қаласының № 1 қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері  (1988-2012);
  • Еуразиялық медицина  ассоциациясының Вице-президенті  ( 2017 бастап)

Басқа қызметтері:

  • Қазақстан Халықтары Ассамблеясының мүшесі;
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы пациенттердің құқықтарын қорғау жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрағасы (01.2013);
  • ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық кеңесінің төрағасы ( 04.2017 бастап);
  • Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы жоғары алқалық кеңесінің мүшесі (ҰТЕО)

Сайланбалы қызметтері, депутаттық:

  • Астана қаласы мәслихатының екінші (1999-2003) және үшінші (2003-2007) шақырылымдарының депутаты, Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасының орынбасары, Астана қаласы әкімдігі жанындағы денсаулық сақтау жөніндегі үйлестіру кеңесінің мүшесі;
  • Астана қаласы мәслихатының депутаты (1999-2012);
  •  V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына "Нұр Отан" Халықтық-Демократиялық партиясының партиялық тізімі бойынша кандидат (07.12.2011); V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі (18.01.2012-20.01.2016)

Партияға қатыстылығы:

  • "Нұр Отан" Халықтық демократиялық партиясының мүшесі 

Мемлекеттік және халықаралық наградалары, сыйлықтары, құрметті атақтары:

  • «Құрмет» Ордені;
  • Медалдары: «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл»;
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі;
  • "Нұр Отан" Халықтық-демократиялық партиясының "Белсенді қызметі үшін" төсбелгісі; "Алтын дәрігер" белгісі»

Бақылау кеңесінің мүшелері

Бақылау кеңесінің мүшесі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі

1. Макеева Фарида Ургенишбаевна – "Қарағанды облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті" РММ басшысының орынбасары.

Білім, мамаындық (біліктілік):

Алма-Аты мемлекеттік медицина институты,   «фармация» мамандығы бойынша 

Қазақстан-Ресей университеті ,   «менеджмент» мамандығы бойынша

Еңбек өтілі:

  • 1987 - 1998 жж. провизор;
  • 1998 – 2001 жж. –Қарағанды қаласының МФА «Биола-Фарм»  ЖШС менеджері;
  • 2001 – 2002 жж.– Қараганды қаласы «ОХЗ – Восток» ЖШС  провизор;
  • 2002 – 2005 жж.  – «ҚР ДСМ Қарағанды облыстық фармацевтикалық бақылау басқармасы»  фармацевтикалық бақылау бөлімінің бас маманы»
  • 2005 – 2009 жж. – ҚР ДСМ фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің дәрілік заттардың пайдаланылуын бақылау бөлімінің бастығы
  • 2009 – 2013 жж. – ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің аттестаттау, аккредиттеу және лицензиялау бөлімінің бас маманы;
  • 2013 – 2014 жж. – "СК-Фармация" ЖШС стратегиялық даму және РR бөлімінің бастығы;
  • 2014 – 2017 жж. – ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті РММ фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімінің басшысы;
  • 2017 жылғы мамырдан  2019 ж.   – «ҚР ДСМ Фармация комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті " РММ басшысы 
  •   2019 жылғы мамырдан  бүгінгі күнге дейін  - "Қарағанды облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті"РММ басшысының орынбасары.

Бақылау кеңесінің мүшесі, уәкілетті орган өкілі

2. Досмырзаева Гульназ Толеновна «Нұр – Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысының орынбасары  

Білімі: Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы

Мемлекеттік емес білім беру мекемесі Мәскеу қаласындағы қазіргі заманғы Гуманитарлық академия, менеджер

Еңбек өтілі:

  • 2000-2004 жж. Интернатура, Астана Қазақ мемлекеттік медицина академиясы 
  • 2004-2013 жж.   акушер-гинеколог,  Астана қаласының  " №1 қалалық емхана" МКҚК;
  • 2011-2014 жж.   Астана қаласы, ҚР Президент Істерін Басқару медициналық орталығы» ауруханасы акушер-гинеколог (қоса атқарған) 
  • 2014-2017 жж.   "№3 Перинаталдық орталық " ШЖҚ МКК КДО меңгерушісі,  Астана
  • 2017-2018 жж.  "№3 Перинаталдық орталық " ШЖҚ МКК бас дәрігерінің орынбасары  Астана
  • 2018-2019 жж.  Астана қаласының ШЖҚ «Целиноград аудандық емхана» МКК бас дәрігері  
  • 2020 ж. – бүгінгі күнге дейін  «Нұр – Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысының орынбасары  

Бақылау кеңесінің мүшесі, уәкілетті орган өкілі

3. Искакова Гульфайрус Койшыбекқызыа- «Нұр – Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ   стационарлық көмек ұйымдастыру бөлімінің басшысы  


Бақылау кеңесінің мүшесі


4. Бақытжан Арынұлы Тажибай

Білімі
  • Алматы қаласының Қазақ мемлекеттік медицина университеті, емдеу факультеті (1991-1997)
  • Алматы қаласының Қазақ мемлекеттік медицина университеті, хирургия бойынша клиникалық ординатура (1997-1999)
  • Санкт-Петербург Гуманитарлық кәсіподақтар университеті, Конфликтология магистрі (үздік диплом) Санкт-Петербург қ. (2014-2017)
  • Медицина ғылымдарының кандидаты. Қорғау 2006 жылы Астана қаласында өтті.
Еңбек өтілі 
  • Астана қаласындағы №2 қалалық балалар ауруханасы хирургия бөлімшесінің ординатор дәрігері (1999-2001)
  • Астана қаласындағы Қазақ мемлекеттік медицина академиясы Қазақ Мемлекеттік Медицина Университеті балалар хирургиясы кафедрасының ассистенті (2001-2006)
  • Астана қаласындағы Қазақ мемлекеттік медицина академиясы педиатрия факультеті деканының орынбасары (қоса атқарушы) (2003-2004)
  • Астана қаласындағы Қазақ мемлекеттік медицина академиясы Педиатрия және стоматология факультеттерінің деканы (2006-2007);
  • Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы Астана қаласы балалар урология бөлімшесінің дәрігері (2007-2012);
  • "Қазақстан денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы" ҚБ Астана қаласындағы филиалы төрағасы   (2010 жылдан қазіргі уақытқа дейін)
  • Астана қаласындағы "Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы" ҚБ Астана қаласы төрағасының орынбасары (2014 жылдан қазіргі уақытқа дейін). 

Бақылау кеңесінің мүшесі


5. Мұхтар Сұлтанұлы Рафиков 

Білімі 

КСРО Ауылшарминінің Целиноград құрылыс техникумы, өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс (1972-1976).

Еңбек өтілі

"Астана-Қамқор" ЖШС директорының орынбасары (1979 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін, өзінің еңбек жолын прораб лауазымынан бастады, техникалық қадағалау бойынша инженер, бас инженер лауазымын атқарды).


Бақылау кеңесінің мүшесі


6. Табулдина Алтыншаш Жұмашқызы 

Білімі

  • Целиноград мемлекеттік медицина институтын "Педиатрия" мамандығы бойынша (1992ж.)
  • "Көкше" академиясы, "Қаржы" мамандығы бойынша (2012ж.)
  • Астана қаласының Орталық Азия Қоғамдық денсаулық сақтау университеті "МВА – защита "бағдарламасы бойынша магистратура МВА - іскерлік әкімшілендіру магистрі" бағдарламасы бойынша магистратура (2018ж.).

Еңбек өтілі

  • Целиноград қалалық балалар ауруханасының педиатр дәрігері (1992-1994)
  • №1 ҚБА 4-ші емханалық бөлімшесінің учаскелік педиатр дәрігері (1994-2000ж.)
  • "СВА-Академия" ЖШС аға дәрігері (2000-2002)  ;                   
  • №1 ҚБА 6-шы емханалық бөлімшесінің меңгерушісі (2002-2007) 
  • Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ "№ 5 қалалық емхана " МКК бас дәрігері (2007 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін)
  • "Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" ММ Алғашқы медициналық-санитарлық көмек бойынша штаттан тыс маманы (2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін.
  • "Сарыарқа" ауданы сайлау комиссиясының төрағасы (2013-2015)
  • "Нұр Отан" БПҰ төрағасы (2011 жылдың шілде айынан бастап)
  • Астана қаласы қалалық мәслихатының депутаты (2016 жылғы сәуірден бастап)
  • "Нұр Отан" Астана қалалық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі; 
  • "Нұр Отан" партиясының "Қазақстан – 2021" Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық" сайлауалды бағдарламасының "Денсаулық сақтау" бағыты бойынша Партиялық куратор. 

Мемлекеттік және халықаралық наградалары, сыйлықтары, құрметті атақтары

  • «Денсаулық сақтау үздігі» -2010 ж.
  • Орден «Қазақстан даңқы» -2013 ж.,  
  • «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі, 2016 ж.
  • «Құрмет» Ордені - 2017 ж.
  • Астананың 20 жылдығы «Құрмет грамота» (2018 ж) партия «Нұр Отан».

Бақылау кеңесінің хатшысы

Исраилова Саадат Шамильевна

Білімі

  • Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университеті. Дипломды маман –Құқықтану (2003)
  •  Заңтану кафедрасының заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне ізденуші. Ж. Баласағұн атындағы  НУ  
  •  "Денсаулық сақтау ұйымдарында корпоративтік басқаруды және менеджментті дамыту" - Самұрық-Қазына Корпоративтік университеті (12-17.09.2018 ж.)

Жұмыс өтілі

  • Қазақстан-Ресей университеті, Саясаттану және құқық кафедрасының аға оқытушысы (2005-2014);
  • Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ "№5 қалалық емхана" МКК, заңгер ( 2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін)
  • Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ "№ 5 қалалық емхана " МКК Бақылау кеңесінің хатшысы (2015-2018жж)




Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу