Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№5 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Нұр-Сұлтан (Астана), Ақан Сері к-сі, 20
109
+7 (7172) 57 63 20

БМСК-ты жаңғырту және дамыту негізінде пациенттің мұқтаждығы төңірегінде барлық денсаулық сақтау қызметтерін ықпалдастыру

Халыққа медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру жүйесіндегі көлденең (амбулаториялық-емханалық) және тік (психиатриялық, наркологиялық, туберкулезге қарсы, онкологиялық және т.б.) бейінді қызметтермен өзара іс-қимылының өзгеруімен БМСК ортақ көмекші болады.

Тегін амбулаториялық емдеу үшін дәрілік заттардың тізбегін кезең-кезеңмен ұлғайту мүмкіндігімен БМСК деңгейінде медициналық көмек кеңейтілетін болады.

Жоспарлы мамандандырылған көмек БМСК бекітілген халықтың қажеттілігіне байланысты болады, оңалту және ұзақ күтім қызметі, оның ішінде жеке секторды тарта отырып, дамитын болады.

Көлік медицинасын, оның ішінде санитарлық авиацияны, жедел медициналық көмек пен телемедицинаны одан әрі дамыту жүзеге асырылатын болады.

Көрсетілген іс-шаралардың мақсаты медициналық қызметтерді тұтынуды тиімді басқару болып табылады.

Медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарын, дәлелденген медицинаға, ғылыми әзірлемелерге негізделген клиникалық хаттамаларды жетілдіру және енгізу жалғастырылады.


БМСК - ні жаңғырту және дамыту

БМСК-ні одан әрі дамыту бастапқы әмбебап, интеграцияланған, әлеуметтік бағдарламаланған, қолжетімді және сапалы медициналық көмекті дамытуға бағытталған шараларды тереңдетуді көздейді.

Бастапқы медициналық көмектің әмбебаптығы әрбір жас кезеңінде ағзаның ерекшеліктерін ескере отырып, оның өмір бойы адамның денсаулығын бақылауды көздейтін қызмет көрсетудің отбасылық қағидаттарына одан әрі көшу есебінен қамтамасыз етілетін болады.

Отбасылық қағидат әрбір отбасының қажеттілігіне қарай профилактикалық, диагностикалық, емдеу, оңалту және сауықтыру іс-шараларын, паллиативтік көмек пен үйде күтімді жүргізуді көздейді.

Қызмет көрсетудің отбасылық принципін БМСК дәрігерлері (жалпы практика дәрігері (ЖПД), учаскелік дәрігерлер (терапевт, педиатр) және БМСК дәрігерлері тарапынан үйлестіре отырып, арнайы мамандар қатарынан мультидисциплинарлық командалар жүзеге асыратын болады. ЖПД және олардың құзыреттерінің өсуіне қарай олар кезең-кезеңімен учаскелік дәрігерлерді алмастыратын болады.

Қолданыстағы БМСК емханалары/орталықтары базасында of exсellens орталықтары (үздік практика орталықтары) құрылатын болады.

Отбасының денсаулығын сақтау жөніндегі шаралар кешені отбасын жоспарлау, аурушаңдықтың алдын алу, әйел, еркек тұрғындарды және балалардың созылмалы ауруларын емдеу және оңалту жөніндегі шараларды қамтитын болады.

БМСК жұмысының басымдығы ана мен бала денсаулығын нығайту болып қала береді. БМСК әр түрлі аурулар кезінде медициналық көмекті, оның ішінде перинаталдық көмекті аймақтандыру бағдарламаларының базалық деңгейіне айналады. Андрологиялық қызметті ұйымдастыруды жетілдіру, ерлердің репродуктивтік жүйесі ауруларының алдын алу және қазіргі заманғы емдеу тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жүргізілетін болады.

Медициналық көмек көрсетудің сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатында БМСК-тың басқа деңгейлермен және денсаулық сақтау қызметтерімен толық интеграциялануы қамтамасыз етілетін болады.

Сонымен, БМСК мамандары бейінді мамандардың диагностикасы мен қызметтерін, стационарға жіберуді, оңалтуды, паллиативтік көмекті және үйде күтуді (бағыттау) қоса алғанда, денсаулық сақтау жүйесінің барлық деңгейлерінде медициналық көмек көрсетуді үйлестіретін болады. Олар медициналық көмектің барлық кезеңдерінде қызмет көрсетудің толықтығы мен сапасын бақылайтын болады.

Сондай-ақ оңалту орталықтары, күндізгі стационарлар, үйдегі стационарлар, паллиативтік көмек бөлімшелері және т. б. жағдайларда ҮЕҰ-ға мемлекеттік тапсырысты орналастыру жолымен отбасының қажеттілігін ескере отырып, паллиативтік көмек көрсету және үйде күтім көрсету нысандарын жетілдірілетін болады.

Күндізгі стационар жағдайында оңалту емін және қалпына келтіру емін одан әрі дамыту жалғасатын болады.

Мамандандырылған қызметтердің (психиатриялық, наркологиялық, туберкулезге қарсы, онкологиялық және т.б.) БМСК ұйымдарымен өзара тығыз байланысы жүзеге асырылатын болады.

Медициналық көмек көрсетудің тиісті стандарттарын жетілдіру, оның толықтығы мен сабақтастығын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғастырылады. БМСК қызметкерлерінің орталық үйлестіруші рөлі кезінде барлық деңгейлердегі диагностика мен емдеу және мониторинг хаттамалары негізінде ауруларды интеграцияланған басқару бағдарламалары (АББ) енгізілетін болады. Бұл үшін үш ауру (артериялық гипертония, қант диабеті, қан айналымының созылмалы жеткіліксіздігі) бойынша АББ барлық өңірлерде енгізілетін болады. Бұл ретте түпкілікті нәтиже үшін БМСК қаржылық ынталандыру тетігіндегі индикаторлар жүйесі жетілдірілетін болады. Бұл ауруларды ерте анықтауға және емдеуге көшіру, асқынулар жиілігін төмендету және емдеуге жатқызу деңгейін қысқарту, тиімді медициналық-әлеуметтік оңалту жүргізу үшін қолданылады.

БМСК -ның әлеуметтік бағдарламалануы БМСК -ның, әлеуметтік қорғау және қоғамдық денсаулық сақтау қызметтерінің жұмысын біріктіру, халықтың денсаулығын сақтау жөніндегі сектораралық өзара іс-қимыл шеңберіндегі іс-шараларға бастапқы буын мамандарын белсенді тарту есебінен қамтамасыз етілетін болады.

Тиісінше БМСК психологтарды, әлеуметтік қызметкерлерді, медбикелерді, фельдшерлерді, акушерлерді және қосалқы персоналды тарта отырып, кешенді медициналық және әлеуметтік қызметтер көрсетуді қамтитын бастапқы медициналық-әлеуметтік көмек қызметі ретінде қаралатын болады. Әлеуметтік қорғау органдарымен өзара іс-қимылда әлеуметтік және психологиялық қолдау мен мультипрофильді патронаж қамтамасыз етілетін болады.

БМСК, ДСБ, әлеуметтік қызметкерлердің, бейінді денсаулық сақтау қызметтерінің (туберкулезге қарсы, наркологиялық, психиатриялық) жұмысын бейәлеуметтік мінез-құлқы бар адамдарға қатысты ІІМ учаскелік қызметтерінің және басқа да мүдделі органдардың (оның ішінде балалар мен әйелдердің құқықтарын қорғау жөніндегі) өкілдерімен, балалар жасындағы жазатайым оқиғаларды болдырмау, отбасындағы теріс факторлардың бала денсаулығына және т. б. әсерін болдырмау жөніндегі сектораралық ықпалдастыру күшейтілетін болады.

Қызметтердің барынша қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін БМСК ұйымдарының желісі өңірлерде демографиялық, географиялық және инфрақұрылымдық жағдайларды ескере отырып дамитын болады. Халықтың тұратын жерлеріне барынша жақын орналасқан ұйымдардың шағын және жинақы нысандарына басымдық берілетін болады.

Осы төмендегі мақсаттар жүзеге асырылатын болады:

1) ЖТД учаскелерін кезең-кезеңмен үлкейту;

2) топтық және жеке отбасылық практикаларды құруды қолдау;

3) БМСК-ні медициналық техникамен, сондай-ақ арнайы автокөлікпен жарақтандыруды жетілдіру*;

4) ұтқыр (көліктік) медицинаны, пациенттерді қашықтықтан бақылауды одан әрі дамыту*;

5) БМСК көрсету жүйесінде жеке секторды, шағын және орта бизнесті дамытуды мемлекеттік қолдау;

6) мемлекеттік-жекешелік әріптестікті (МЖӘ), БМСК желісін дамыту, қызмет бейіні тұрақты сақталған жағдайда кейіннен жекешелендіру мүмкіндігімен мемлекеттік объектілерді сенімгерлік басқаруға беру.

БМСК сапасын арттыру мақсатында БМСК ұйымы мен дәрігерлерін толыққанды өз еріктерімен таңдауды қамтамасыз ету және оны жузеге асыру, оның ішінде халықтың БМСК ұйымдарына тіркелуінің қарапайымдылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабылданатын болады.

Қызмет көрсету сапасын жақсарту, персоналдың кезекке тұруы мен шамадан тыс жүктелуін төмендету мақсатында операциялық менеджментті жақсарту, өңірлік және жергілікті call-орталықтар құру, интернет арқылы дәрігердің қабылдауына жазуды енгізу, кезектерді басқарудың қазіргі заманғы технологиялары негізінде БМСК ұйымдарын басқару жетілдірілетін болады.

БМСК кадрлық әлеуетін дамыту, денсаулық сақтау жүйесінде БМСК басымдығын, тиімділігі мен тартымдылығын қамтамасыз ету үшін лауазымдық нұсқаулықтар мен біліктілік талаптарын оңтайландыру жөніндегі іс-шаралар жүргізілетін болады.

Жоғары білімнің жаңа мемлекеттік стандарттары бойынша ЖТД даярлау қазіргі заманғы білімді, практикалық, коммуникативтік дағдыларды және командада жұмыс істей алатын кең бейінді мамандардың негіздерін қалыптастырады. Бұл ретте балалар жасындағы ауруларды алдын алу, диагностикалау және емдеу бойынша ЖТД теориялық және практикалық оқыту күшейтілетін болады.

БМСК -ты дамыту шеңберінде пациенттерді бақылау, созылмалы ауруларды басқару, сондай-ақ пациенттерге үйде қызмет көрсету жөніндегі кейбір функциялар кезең-кезеңімен жалпы практикадағы арнайы дайындалған мейірбикелерге берілетін болады.

Орта медицина қызметкерлерін (бұдан әрі – ОМҚ) оқыту БМСК басымдығын, оның көп функциялылығы мен әмбебаптығын ескере отырып жүргізіледі, бұл ОМҚ -дан денсаулық сақтаудың басқа секторларына қарағанда үлкен дербестікті талап етеді. ОМҚ оқыту стандарттары әзірленген кәсіптік стандарттарға сәйкес келтірілетін болады.

БМСК тұрақты дамуын қамтамасыз ету, оның толықтығы мен тартымдылығын арттыру үшін мамандарды тартудың мотивациялық тетіктері жетілдірілетін болады, мемлекеттің амбулаториялық деңгейде қамтамасыз ететін дәрілік заттардың тізбесі кезең-кезеңімен кеңейтілетін болады. Халықтың денсаулығына барынша көп әсер ететін ауруларды ерте анықтау жөніндегі түйінді скринингтік бағдарламаларды одан әрі дамыту, сондай-ақ олардың тиімділігін тұрақты мониторингтеу мен бағалау қамтамасыз етілетін болады.


Жедел және шұғыл медициналық көмекті дамыту (ЖШМК)

Халыққа медициналық көмектің толықтығы мен сапасын қамтамасыз ету мақсатында БМСК ұйымдарының сабақтастығын қамтамасыз ету және ЖШМК көрсету жалғастырылатын болады.

Практикалық дағдыларды нығайту және сараланған медициналық көмекті стационарлық деңгейге кезең-кезеңмен көшіре отырып, пациенттерді тасымалдау жағдайында шұғыл медициналық көмектің стандартталған алгоритмдерін енгізу негізінде ЖШМК қызметінің халықаралық стандарттарын енгізу қамтамасыз етілетін болады. Осы мақсатта ЖШМК кадрлық жарақтандыру нормативтері қайта қаралатын, халықаралық стандарттар негізінде білім беру бағдарламалары әзірленіп, енгізілетін және парамедиктерді қоса алғанда, денсаулық сақтаудың барлық деңгейлері үшін кадрлар даярлау орталықтары құрылатын болады, бұл ретте олардың дәрігерге дейінгі көмек көрсетудегі рөлін арттыру жөнінде шаралар қабылданатын болады. Республика халқын ТМККК шеңберінде санитариялық авиация нысанында медициналық көмекпен қамтамасыз ету жалғастырылатын болады.

МЖӘ негізінде медициналық әуемен тасымалдау (санитарлық авиация) жүйесін одан әрі дамыту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру басталады. Мемлекеттік емес қаржыландыру көздерін тарту бірнеше негізгі міндеттерді тиімді іске асыруды қамтамасыз етеді:

- оқиға орнында ТМККК көрсету және шұғыл жағдайлар мен ТЖ кезінде пациенттерді стационарларға тасымалдау;

- медициналық көмек көрсету деңгейлері арасында пациенттерді тасымалдау;

- жету қиын жерлерде, соның ішінде толыққанды медициналық көмек көрсету үшін қажетті мамандарды жеткізу жолымен медициналық көмек көрсету.


Барлық денсаулық сақтау қызметтерін біріктіре отырып, мамандандырылған медициналық көмекті (ММК) дамыту

Халық денсаулығының ағымдағы жай-күйін және инфекциялық емес аурулардың болжамды өсуін ескере отырып, медициналық көмекті ұйымдастырудың интеграцияланған моделін әзірлеу және кезең-кезеңімен енгізу көзделген.

Бұл модель ел тұрғындарын демографиясына елеулі әсер ететін негізгі әлеуметтік маңызы бар, инфекциялық емес ауруларды және жай-күйді қамтитын болады:

1) жіті миокард инфарктісі;

2) ми қан айналымының жіті бұзылуы (инсульт);

3) қатерлі ісіктер;

4) жарақаттар;

5) жүктілік және босандыру.

Әрбір блок бойынша халықаралық кәсіби ұйымдар ұсынған клиникалық нұсқаулар мен хаттамалар негізінде іс-қимыл жоспарларын (ActionPlan) әзірлеп, іске асыру басталатын болады, оның шеңберінде халық денсаулығының жоспарланған көрсеткіштері және оларға қол жеткізу үшін қажетті негізгі іс-шаралар айқындалатын болады.

Осы модель шеңберінде БМСК -тың үйлестіруші рөлі негізінде денсаулық сақтау жүйесінің барлық деңгейлерінде оның толықтығын, сапасы мен сабақтастығын қамтамасыз етуге бағытталған интеграцияланған медициналық көмек ұсыну стандарттары әзірленетін және іске асырылатын болады.

Бұл ретте стационар деңгейінде медициналық көмек көрсетілетін медициналық технологияның күрделілігіне байланысты өңірлендіру қағидаты бойынша жүргізілетін болады.

Күрделі технологиялық қондырғыларды және біліктілігі жоғары мамандарды талап ететін денсаулық сақтау қызметтері ауданаралық, өңірлік, облысаралық және республикалық деңгейлерде тиісті орталықтар құра отырып орталықтандырылатын болады. Сонымен қатар, күрделі технологиялық қондырғылар қажет емес денсаулық сақтау қызметтері орталықтандырылмаған және пациенттің тұрғылықты жеріне жақын денсаулық сақтау ұйымдарында көрсетілетін болады. Қазақстан Республикасының халқы донорлық қанның сапалы компоненттерімен және препараттарымен қамтамасыз етілетін болады.

Бұл қызмет сапасын арттыру, күту уақытын азайту, диагностика мен емдеудің негізсіз әдістерін тағайындауды болдырмау мақсатында пациенттердің қозғалысын бағыттаудың ашық және ұтымды тетіктерін әзірлеуді және енгізуді көздейді.

Отандық клиникаларда науқастарды емдеу үшін шетелдік мамандарды тарта отырып, оның ішінде мастер-класс өткізумен қамтамасыз етілетін болады.

Бұдан басқа, осы іс-шараларды іске асыру үшін:

1) денсаулық сақтау ұйымдарының барлық деңгейлері үшін дәлелді медицина қағидаттарына негізделген диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларын;;

2) бейінді қызметтердің қызметін ұйымдастыру стандарттары;

3) медицина қызметкерлеріне арналған кәсіби стандарттар;

4) іс-шараларды мониторингілеу, басқару және үйлестіру технологиялары.

Республикалық клиникалардың, ғылыми орталықтар мен ғылыми-зерттеу институттарының мониторинг, олардың бейіні шеңберінде медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде сабақтастықты, тиімділігі мен сапасын қамтамасыз ету бөлігіндегі рөлі мен жауапкершілігі күшейтілетін болады.

БМСК мен ММК қызметін интеграциялауды технологиялық қолдау мақсатында АКТ, телемедицинаны және пациенттердің жекелеген санаттарының қашықтан сымсыз мониторингі жүйесін дамыту жүзеге асырылатын болады. Сабақтастықты қамтамасыз ету үшін барлық жерде пациенттерді түсіндіру, консультация беру, тіркеу және мониторинг жүргізу үшін жергілікті және өңірлік call-орталықтар құрылатын болады.

Озық медициналық технологиялар трансфертін одан әрі жетілдіру, сондай-ақ бір жағынан медициналық көмектің қолжетімділігін, толықтығы мен сапасын арттыру және денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында екінші жағынан клиникалық хаттамалар негізінде жоғары технологиялық қызметтерді қоса алғанда, мамандандырылған медициналық көмекті одан әрі дамытуға жан-жақты талдау жүргізіледі және жаңа тәсілдер әзірленетін болады. Жекелеген медициналық қызметтердің денсаулық сақтау саласындағы белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкестігін айқындау үшін денсаулық сақтау ұйымдарын аккредиттеу стандарттарын жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.

Қызметтерді стандарттау, ұйымдардың инфрақұрылымын дамыту және медициналық көмектің осы түрі үшін мамандарды жүйелі даярлау негізінде әртүрлі патологиясы бар науқастарды медициналық-әлеуметтік оңалтуды белсенді дамыту қамтамасыз етілетін болады. Бұл ретте осы саладағы жеке сектор мен МЖӘ дамытуды мемлекеттік қолдау мен ынталандыру шаралары әзірленетін және енгізілетін болады.

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу