Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№5 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Нұр-Сұлтан (Астана), Ақан Сері к-сі, 20
109
+7 (7172) 57 63 20

Емделушілерді қолдау қызметі

Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодексінің 58-бабына сәйкес емханада емделушілерді қолдау және ішкі бақылау қызметі ұйымдастырылған.

Пациенттерді қолдау қызметінің міндеті: медициналық көмек көрсету тәртібінің бұзылу фактін анықтау. Осыған байланысты егер Сіз:

Медициналық қызмет көрсету сапасына көңіліңіз толмаса;

Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер үшін медициналық қызметкерлер тарапынан бопсалап ақша алу жағдайына соқтығыссаңыз;

Сонымен қатар, Сізде   медициналық көмек көрсету тәртібі мен сапасына қатысты басқа да сұрақтарыңыз туындаса, онда Сіз емхананың 4 қабатында 408 кабинетіндегі емделушілерді қолдау қызметіне (ішкі бақылау қызметіне) жүгіне аласыз немесе 28-95-34 телефоны бойынша хабарласа аласыз.

Пациенттердің құқығын қорғау мақсатында

Сенім телефоны - 28-91-70 бойынша медициналық қызметкердің қызметтік этика нормасын бұзу факті туралы мәлімдеуге болады.

Ересектер және балалар корпустарының 1 қабатында орналастырылған «Шағымдар мен ұсыныстар жәшігі» қызмет көрсетеді, онда Сіз аты-жөніңіз және байланыс телефон, мекен-жайыңызды көрсетіп жазбаша шағым қалдыра аласыз. Сондай ақ Сіз www.gp5-astana.kz  сайтындағы «Бас дәрігер блогі» айдарына жүгіне аласыз.

Пациенттерді қолдау қызметі Сіздің өтінішіңізді қарап шығып, қысқа және бес күнтізбелік күннен кешіктірмей қорытындысы бойынша Сізге ақпарат ұсына алады.  

Пациенттерді қолдау қызметінің құрамы

Пациенттерді қолдау қызметінің жетекшісі:

- медициналық қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі бас дәрігерінің орынбасары, Г.Ш. Мулдагалиева

- эксперт Р.М. Рысмагамбетова

- эксперт З.Т. Кардиева

- эпидемиолог Ш.Н. Карибова

- №3 отбасылық денсаулық орталығының меңгерушісі У.И. Абдрахманова

- провизор А.Н. Жабагина 

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу