Жедел респираторлы вирустық инфекциялар, тұмау және пневмококк инфекцияларының алдын алуға бағытталған

1 қазаннан 1 қарашаға дейін Қазақстанда жедел респираторлы вирустық инфекциялар, тұмау және пневмококк инфекцияларының алдын алуға бағытталған «Ескерту. Қорғаңыз. Егіңіз!» айлық өтеді. Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№5 қалалық емханасы" ШЖҚ МКК тұмауға қарсы вакцинация 126 кабинетте, сағат 08: 00-ден 20: 00-ге дейін жүргізілуде. Вакцинацияланатын контингент - 6 айдан 18 жасқа дейінгі қауіпті топтағы балалар, созылмалы аурулары бар балалар. Ересектердегі қауіпті топтар және созылмалы аурулары бар пациенттер.