Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№5 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Нұр-Сұлтан (Астана), Ақан Сері к-сі, 20
109
+7 (7172) 57 63 20
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

"Өмір мектебі" Денсаулық клубын мерейтойымен құттықтаймыз!


Достар, міне біздің "Өмір мектебі" Денсаулық клубына 10 жыл толды. 10 жыл бойы Денсаулық клубында қант диабеті, артериялық гипертензияның алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, дұрыс тамақтану бойынша 680 пациент оқытылды, оның 40 еріктілер ретінде клубта жұмысын жалғастырды. Көптеген пациенттер үшін денсаулық клубы өмірдің бір бөлігі, көптеген жағымды сәттер, жағымды эмоциялар, пайдалы танысу болды, "скандинавиялық жүріске" тегін тәлім алуға, осындай әуестіктер бойынша пікірлестер табуға мүмкіндік берді. Клубтың ашылуына және оның дамуына емхананың әлеуметтік қызметкері А. А. Есмұханова көп күш салды, 2009 жылдан бастап осы күнге дейін Клубтың шабыттандырушы және белсенді қатысушысы болып келді.

Клубтың 10 жылдығына орай № 5 қалалық емханада қызметкерлер мен денсаулық клубының белсенді мүшелері ұйымдастырған мерекелік іс-шара өтті. Клуб мүшелерін мерейтоймен құттықтауға ТМД бойынша "Эйдж Нэт Орталық Азия Шекарасыз" қарттар істері жөніндегі халықаралық желінің құрылтайшысы Б. Т. Ахметжанова және Сарыарқа ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы  Ахметов Э.Е., емхананың бас дәрігері А. Ж. Табулдина, клубтың негізін қалаушылардың бірі психолог О. А. Валевач келді. "Өмір мектебі "Денсаулық клубының жетекшісі А. А.

Іс-шара аяқталды, бірақ "Өмір мектебі" клубының миссиясы әрі қарай жалғасын табатын болады және біз көптеген адамдарға салауатты өмір салты дағдыларын алуға, созылмалы аурулары бар толыққанды және ұзақ өмір сүруге болатынына сенуге көмектесетініне сенімдіміз! Біз барлықтарыңызды "Өмір мектебі" Денсаулық клубында күтеміз!


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу