Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№5 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Нұр-Сұлтан (Астана), Ақан Сері к-сі, 20
109
+7 (7172) 57 63 20
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Маңызды ақпарат


Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, 23 маусымнан бастап қала емханаларында науқастарды жоспарлы қабылдау мен қарау тоқтатылады. Атап айтқанда: ересектер мен балаларды профилактикалық қабылдау, оның ішінде скринингтер, жоспарлы стоматологиялық, оңалту қызметтері, денсаулық мектебі, медициналық-әлеуметтік қолдау, МӘС құжат рәсімдеу, күндізгі бөлімнің жұмысы, жоспарлы түрде ауруханаға жатқызуға жолдама беру, тәулік бойғы және күндізді стационар бар. Мамандардың жоспарлы консультациялық көмек көрсетуі онлайн форматқа ауыстырылады. Диспансерлік тіркеуде тұрған азаматтарға қажетті рецепт онлайн беріліп, дәрі-дәрмек үйге дейін жеткізіп беріледі.

Халықты вакцинациялау екпенің ұлттық күнтізбесі бойынша жоспарлы түрде жүргізіледі. Жүкті әйелдерді қабылдау, УДЗ скрининг жүргізу штаттық режимде қалады.

Емхана тек шұғыл және КВИ белгілері бар науқастарды ғана қабылдайды. Коронавирустың ауру белгілері жоқ науқастарын емдеу үшін медицина қызметкерлері бейнеқоңырау және байланыстың басқа да арналарын пайдалану арқылы азаматтардың денсаулығын қадағалап отырады және инфекцияның симптомсыз түріне қатысты мәселелер бойынша консультация өткізетін болады. Ауру белгілері байқалған бойда науқастарды ауруханаға жатқызады.

22 маусымда қосымша 200 орындық стационар дайындалды. Қажеттілік туындаған жағдайда басқа да ұйымдар стационар ретінде бейімделетін болады.

Нұр-Сұлтан қ. әкімдігінің ШЖҚ «№5 қалалық емхана» МКК

📞​ Анықтама: 57-63-20

57-63-62

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу