Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№5 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Нұр-Сұлтан (Астана), Ақан Сері к-сі, 20
109
+7 (7172) 57 63 20
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Белсенді өмір сүру – Скандинавиялық жүруді оқыту


№5 Астана қалалық емханасында скандинавиялық жүруді үйрету

Емхана базасында белсенді өмір сүргісі келетіндерге скандинавиялық жүруді үйрететін "белсенді өмір сүр" денсаулық клубы ашылды.

Сабақты ЕДШ дәрігері Кубекова Сара Қадіралиевна жүргізеді. Клубтың ұйымдастырушысы-Әлеуметтік қызметкер Есмуханова Альфия Алькеевна. Сабақ әр сәрсенбіде сағат 10:00-де өтеді.

Скандинавиялық жүру-арнайы әзірленген таяқпен жүру техникасы мен жаттығудың белгілі бір әдістемесін қолданатын дене белсенділігінің түрі.

Сабақтың әсері:

  • Дененің жоғарғы және төменгі бөліктерінің бұлшық ет тонусын бір мезгілде жақсартады
  • Дененің барлық бұлшық етін шамамен 90% жаттықтырады
  • Қарапайым жүруден 46% көп калория жұмсайды
  • Жүру кезінде тізе мен омыртқа қысымын азайтады
  • Жүрек пен өкпенің жұмысын жақсартады, қалыпты жүріспен салыстырғанда пульсті минутына 10-15 соққыға арттырады
  • Мойын және иық мәселелерін мінсіз шешеді
  • Тепе-теңдік пен үйлесімділікті жақсартады
Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу