Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№5 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Нұр-Сұлтан (Астана), Ақан Сері к-сі, 20
109
+7 (7172) 57 63 20
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Назар аударыңыз: қызылша!


№5 емханада қызылшаға қарсы екпе жүргізу

Соңғы айларда Қазақстанда қызылша ауруы тіркелген. Біз сіздерден балаларыңызға мұқият болуларыңызды сұраймыз. Қазіргі уақытта жұқпалы аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай қызылша сияқты тұрақты емес. Соңғы жылдары Еуропаның көптеген елдерінде қызылша ауруының өсуі байқалады. ДДҰ-ның қызылша ауруымен сырқаттанушылықтың өсуі қызылшаға қарсы вакцинацияның төмен қамтылуымен байланыстырады. Бұл аталған инфекцияның Қазақстан аумағына әкеліну және егілмеген халықтың арасында тез таралу қаупі жоғары.


Қызылша дегеніміз не және ол несімен қауіпті?

Қызылша-38-40° С дейін температураның көтерілуімен, жалпы уланумен, шырышты көз, мұрын қуысы мен жұтқыншақ арасы қабынуы құбылыстарымен, жоғарғы тыныс алу жолдары жағынан қабыну құбылыстарымен, бөртпенің кезең-кезеңімен пайда болуымен сипатталатын асқынған жұқпалы ауру. Жалпы әлсіздік, бас ауруы, тәбеттің төмендеуі, ұйқының бұзылуы пайда болады.

Бөртпе кезеңіне қызғылт немесе қызыл дақ түрінде бөртпенің пайда болуы тән.

·         Бірінші күні бөртпе элементтері құлаққа, бастың шаш бөлігіне, бет пен мойынға, кеуденің жоғарғы бөлігіне пайда болады;

·         Екінші күні бөртпе дененің және қолдың жоғарғы бөлігіне шығады;

·         Үшінші тәулікте бөртпенің элементтері аяқтарға шығады, ал бетіндегі бөртпелер бозарады

Инфекция көзі-науқас адам. Вирустың таралуы ауа арқылы, сілекей тамшылары арқылы, түшкіргенде, жөтелгенде, сөйлескенде жүреді.

Ауа ағынымен вирус айтарлықтай қашықтыққа таралуы мүмкін. Қызылша аурумен ауырған үйде ауа жұтқан кезде адамға жұғу мүмкін. Егер адам қызылша ауруымен ауырмаса онда қызылшамен ауырған науқаспен байланыста болған жағдайда 100% жұғу мүмін.

Қызылша ауруымен ауыратын адам 7-10 күн бойы айналадағыларға қауіпті. Адамдардың табиғи сезімталдығы өте жоғары, ауырғаннан кейін адамға осы ауруға қарсы иммунитет пайда болады. Қызылшаның қайталанған аурулары өте сирек.

Қызылша ауруымен ауырғанда өте ауыр асқынулар болуы мүмкін. Олардың қатарына өкпенің қабынуы (пневмония), орта құлақтың қабынуы (отит), кейде энцефалит (мидың қабынуы) сияқты ауыр асқынулар кіреді. Қызылшаға шалдыққаннан кейін ұзақ уақыт бойы (2 айға дейін) иммунитеттің тежелуі байқалатынын есте сақтау қажет, сондықтан бала қандай да бір суық немесе вирустық аурумен ауыруы мүмкін, сондықтан оны шамадан тыс жүктемелерден, мүмкіндігінше-науқас балалармен қарым-қатынастан қорғау қажет.

Аурудан жалғыз сенімді қорғау ұлттық егу күнтізбесіне енгізілген қызылшаға қарсы екпе болып табылады.


Ата-аналарға ұсынылады:

- өз баласының қызылшаға қарсы егу мәртебесін тексеру, вакцинация болмаған жағдайда-қызылшаға қарсы профилактикалық егуді алу;

-түрлі мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысуды шектеу, қызылшаға қарсы егілмеген балалардың сауда-ойын-сауық орталықтарында ойын алаңдарына баруын шектеу;


Егер сіз немесе сіздің балаңыз ауырып қалса, онда мынадай қажетті шаралар қолданыңыз:

- катаральды құбылыстармен (дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, әлсіздік) және бөртпемен аурудың алғашқы симптомдары пайда болған кезде дәрігерге барып, қызылша ауруына тексеруден өтіп, оның барлық нұсқауларын орындау қажет;

 - ауыр жағдайда жедел медициналық көмек шақыру;

- дәрігер келгенге дейін туыстарымен, таныстарымен және басқа адамдармен қарым-қатынасты шектеу;

 - жөтел және түшкіргенде ауыз бен мұрынды мұрын орамалымен немесе майлықпен жабу, қолды сабынмен жиі жуу;

- тыныс алу органдарын қорғау құралдарын пайдалану (мысалы, маска немесе дәке таңғыш);


Қызылшаның алдын алу

Инфекциямен күресудің жалғыз қолжетімді және тиімді әдісі вакцинация болып табылады.

Профилактикалық егудің Ұлттық күнтізбесіне сәйкес қызылшаға қарсы балаларға жоспарлы егу 12 айлығында және қайта егу 6 жаста жүргізіледі. Сондай-ақ 18-35 жас аралығындағы, қызылша ауруымен ауырмаған, бұрын егілмеген немесе қызылшаға қарсы вакцинация туралы мәліметтері жоқ ересек адамдар егілуі тиіс (иммундау егулер арасында кемінде 3 ай аралықпен екі рет жүргізіледі). Вакцинация қызылшаға қарсы егілген немесе өткен қызылшаға қарсы егілгендігі туралы нақты мәліметтер жоқ қызылша ауруымен ауыратын науқастарға қажет. Қызылшаға қарсы вакцина 20 жылдан астам сақталатын сенімді иммунитет жасайды. Вакцинация эпидемиялық жағдайдың нашарлауы кезінде тіпті қызылшаның дамуын ескертеді

Қызылша-қауіпті инфекция. Балаларды қорғаңыздар!

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу