Біз туралы
№5 қалалық емхана Нұр-Сұлтан қаласының
тұрғындарына амбулаторлық-емханалық медициналық көмек көрсетеді. Емханада
жоғары білікті жалпы практика дәрігерлері мен белгілі
бір саланың мамандары қабылдау жүргізеді. Емделушілердің әр түрлі
диагностикалық зерттеулерден өтуге мүмкіндіктері
бар.
№5 қалалық емхана бөлімдері
- №1, №2, №4 отбасылық денсаулық орталықтары
- ҚазАТУ №3 отбасылық денсаулық орталығы
- Акушерлік-гинекологиялық бөлім
- Мамандандырылған бөлім
- Профилактика және
әлеуметтік-психологиялық көмек
бөлімі
- Диагностикалық
бөлім
- Зертхана
- Күндізгі
стационар
- Ақылы бөлім
Емханаға онлайн түрде қабылдануға жазылыңыз
Мамандандырылған бөлімнің жұмыс кестесі
Отбасылық денсаулық орталықтары
- Жалпы практика дәрігерлері, педиатрлар және терапевтер балалар мен
ересектерді емханада және үйде қабылдайды. Динамикалық бақылау
және белсенді емдеу.
- Дәлелдемелер болған жағдайда - белгілі
бір саланың мамандарына жолдама беру
немесе ауруханаға жатқызу.
Акушерлік-гинекологиялық
бөлім
- Әйелдердің жыныс жүйесі ауруларын
диагностикалау және емдеу.
- Жүктілікті қадағалау және
босанғаннан кейінгі кезеңде әйелдерге көмек көрсету. Босануға дайындық мектебі.
- Отбасын жоспарлау
және репродуктивті денсаулық сақтау.
Жоғары және бірінші білікті санатты акушер-гинеколог
мамандар қабылдау жүргізеді.
Мамандандырылған бөлім
- Белгілі бір саланың
дәрігерлері мына бағыттар бойынша қабылдайды: хирургия,
онкология, маммология, неврология, офтальмология, оториноларингология,
кардиология, эндокринология, пульмонология, стоматология, ревматология,
травматология, проктология, урология, гастроэнтерология, хирургия.
- Физиотерапия
- Емдік
физкультура және емдік массаж кабинеттері.
Профилактика және әлеуметтік-психологиялық
көмек бөлімі
Бөлім халыққа
әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетеді және әлеуметтік мәселелерді
шешуге жәрдемдеседі. Бөлімде әлеуметтік қызметкерлер,
психологтар, салауатты өмір салтының дәрігерлері
жұмыс істейді.
Бөлімде 10-24 жас аралығындағы жасөспірімдер
мен жастарға психологиялық көмек көрсететін «Шуақ» жастар денсаулық орталығы
жұмыс істейді. Орталық мамандары ата-ана мен баланың
арасындағы қатынастар, тұлғааралық және жыныстық-рөлдік қарым-қатынастар, жанжалдарды тиімді
шешу және стресстік жағдайларды болдырмау тақырыбына
кеңестер өткізеді.
Диагностикалық бөлім
- Рентгенография
- Рентгеноскопия,
ирригоскопия, фистулография
- Стоматологиялық рентген
- УДЗ, доплер
- ЭКГ, КҚ және КҚТБ Холтерлік бақылау
- ФГДС
Ақылы қызмет көрсету бөлімі
- Бөлімде терапевт, кардиолог, ЛОР,
гастроэнтеролог, невропатолог, эндокринолог, хирург, уролог, травматолог,
офтальмолог мамандары кеңестер береді.
- Диагностикалық зерттеу: рентген, УДЗ, ФГДС, талдаулар.
- Медициналық тексерулер:
- Кәсіпорынның,
мекеменің немесе ұйымның қызметкерлерінің мерзімдік медициналық тексеруден өтуі.
- Жүргізушілер комиссиясы - көлік жүргізуге рұқсат алу.
- Қару
комиссиясы (қаруды
сатып алу мен алып жүру құқын беретін комиссия).
- Санитарлық
кітапшаны рәсімдеу.
- Оқу мекемелеріне түсетін тұлғаларға медициналық анықтаманы рәсімдеу (ф-086/у).