Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№5 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Нұр-Сұлтан (Астана), Ақан Сері к-сі, 20
109
+7 (7172) 57 63 20

Құрылымы

№5 Қалалық емхана бөлімі:

  • №1, №2, №4 отбасылық денсаулық орталықтары

  • ҚазАТУ №3 отбасылық денсаулық орталығы

  • Акушерлік-гинекологиялық бөлім

  • Диагностикалық бөлім

  • Зертханалық бөлім

  • Алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімі

  • Мамандандырылған бөлім

  • Күндізгі бөлім

  • Ақылы қызмет көрсету бөлімі

№1 отбасылық денсаулық орталығы

Орталығының меңгерушісі - Бабажанова Майра Молдабайқызы

№1 Отбасылық денсаулық орталығы бөлімшесі құрамына: ем-шара кабинеті, қан алу кабинеттері кіреді, сондай-ақ медициналық пункттер мектептер мен мектепке дейінгі қаланың мекемелерінде толық медициналық қызмет көлемі көрсетіледі. Бөлімше балалар ғимаратында орналасқан, құрамында 12 учаскелік аймағы бар. Мектепке дейін және мектеп бөлімі, жасөспірімдер бөлімі бар.  Отбасылық денсаулық орталығының негізгі міндеті:

- науқас балаларға емханада және үйде сапалы түрде медициналық –профилактикалық  көмек  көрсету;

- бөлім дәрігерлерінің емдеу шараларынының дұрыс жүргізіп жатқандығын үнемі қадағалап, бақылап отыру;

- бөлім қызметінің тәжірибесінде еңбекті ұйымдастыру мен емдеудің жаңа әдістерін енгізу;

- науқас балаларды стационарлық емдеуге жіберер алдында  өзі жеке науқасты және оның құжаттарының, яғни жолдамасының дұрыс толтырылғанын қадағалау қажет.

- учетқа жаңадан алынған және бұрыннан тұрған диспансерлік науқас балалармен жұмысты сапалы және тиімді ұйымдастыру;

- екпе күнтізбесінің жоспарына  сәйкес аймақта және мектептерде профилактикалық екпелердің  өз уақытында жасалуын қадағалау. 


№2 отбасылық денсаулық орталығы

Бөлім меңгерушісі – Умарова Нуржамал Абдугалиевна

Еңбек өтілі 22 жыл.

№2 Отбасылық денсаулық орталығы бас ғимаратында орналасқан, бөлімде  11 ЖТД (Жалпы тәжірибиелік дәрігері) аймақтары бар. 

№2 Отбасылық денсаулық орталығының  негізгі міндеті:

- ересектер мен балалар арасында иммунопрофилактика жұмысын ұйымдастырып, қадағалайды;

- науқастарға емханада және үйде сапалы түрде медициналық –профилактикалық  көмек  көрсету жұмыстарын ұйымдастырады;

- бөлім қызметінің тәжірибесінде еңбекті ұйымдастыру мен емдеудің жаңа әдістерін енгізу;

- науқастарды стационарлық емдеуге жіберер алдында  өзі жеке науқасты және оның құжаттарының, яғни жолдамасының дұрыс толтырылғанын қадағалау қажет.

- учетқа жаңадан алынған және бұрыннан тұрған диспансерлік науқастармен жұмысты сапалы және тиімді ұйымдастыру;

- екпе күнтізбесінің жоспарына  сәйкес аймақта және мектептерде профилактикалық екпелердің  өз уақытында жасалуын қадағалау;

- бөлім қызметкерлерінің емхана емделушілері  арасында ақпараттық -ағарту жұмыстарын жүргізу және ұйымдастыру.


№4 отбасылық денсаулық орталығы

Бөлім  меңгерушісі – Жуманбаева  Ботагоз Амангельдиновна

ШЖҚ "№ 5 қалалық емхана" МКК терапия бөлімінде жоғары кәсіби деңгейде және жоғары емдеу жұмыстары тәжірибесінде қабылдау жүргізеді. Терапия бөлімі емхананың құрылымдық бөлімі болып табылады. Терапия бөлімі балалар корпусының 2 қабатында орналасқан, кабинеттерге ие: бөлім меңгерушісі, аға медбике, дәрігерлердің қабылдау кабинеттері, ем-шара жүргізу кабинеті, КЗН кабинеті. Терапия бөлімінің қызметі аумақтық принцип бойынша азаматтарға тұрақты мекен-жайы немесе тіркелуіне қарай  медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында құрылған. Терапевт дәрігерлер науқастарға алғашқы қабылдау жүргізеді, емдер тағайындайды, арнаулы мамандарға жүгіну қажеттігін анықтайды.

Терапиялық бөлімнің негізгі міндеті:

- емханада және үйде білікті медициналық көмек көрсету;

- қызмет көрсететін тұрғындар арасында ауруды, мүгедектікті және өлімді төмендетуге бағытталған алдын алу ісшараларының кешенін ұйымдастыру және өткізу;

жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу;

- ауыр және созылмалы аурулармен азап шеккен, сондай ақ жүрек – тамыр, онкологиялық және басқа аурулардың жоғары қауіпіндегі тұлғаларға зарарсыздандыру жүргізу;

- тұрғындарға санитарлық – гигиеналық тәрбие, салауатты өмір салтын насихаттау  бойынша ісшара ұйымдастыру және өткізу.

ҚазАТУ №3 отбасылық денсаулық орталығы

Студенттік бөлімше емхананың құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлімше Молдағулова 29А көшесіндегі ҚазАТУ жатақханасының 5 қабатында орналасқан.

Бөлімше құрамына көктамырішілік және бұлшықетішілік инъекциялар, қан алу, сондай-ақ физио кабинеті, гинеколог кабинеті, ЭКГ кабинеті кіреді.

Терапевтік бөлімшенің қызметі тіркелген жері бойынша азаматтарға медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында аумақтық қағидат бойынша құрылады. Медициналық көмек емханада және үйде көрсетіледі. Жұмыс тәртібі - жылжымалы кесте бойынша.

№3 ОДО негізгі функциялары:

- ауруы бойынша студенттік тұрғындарды амбулаторлық қабылдауды тұрақты жүргізу;

- науқас студенттерді толық сауыққанға дейін, тұрақты ремиссия немесе айғақтары болған жағдайда емдеуге жатқызуды динамикалық бақылау және белсенді емдеу;

- басқа бейіндегі дәрігерлердің жолдамалары бойынша науқастарға кеңес беру (емханада және үйде);

- диспансерлік бақылау және сауықтыру;

- науқастардың диагностикалық және емдік емшараларының уақытылы орындалуын бақылау;

- мүгедек студенттерді медициналық оңалту үшін уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасын жүргізу, ӘМС-ға іріктеу және жіберу;

- бейінді бөлімшелерге жатқызу;

- ЖММК-ге пациенттерді іріктеу;

- сырқаттанушылық, мүгедектік себептеріне, науқастарды диспансерлеудің тиімділігіне талдау жүргізу.

Акушерлік-гинекологиялық бөлім

Акушер-гинекология бөлімінің меңгерушісі – Жусупбекова Айгуль Жанайдаровна

Акушерлік-гинекологиялық бөлімше әйелдерге тыс және жүктілік кезінде, босанғаннан кейінгі кезеңде, отбасын жоспарлау және репродуктивті денсаулықты қорғау, алдын - алу және гинекологиялық науқастарды емдеу бойынша көмек көрсетеді.

Акушерлік – гинекологиялық бөлім ересектер корпусының 2 қабатында орналасқан. 7 учаскеде жеке қарап қабылдайтын жабдықталған 5 кабинет: қабылдау, жеке кісілерді зерттеп қарау, отбасын жоспарлау кабинеті, жүкті әйелдерге арналған мектеп бар. Қабылдауды жоғары және бірінші біліктілік санатты гинеколог дәрігерлері жүргізеді. 

Негізгі міндеттері:

- Медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету;

- Жүкті әйелдерді диспансерлік бақылау, ерте 12 аптаға дейін есепке алу;

- Ана өлім-жітімін төмендету, перинаталдық өлім-жітімнің алдын - алу;

- Босануға психопрофилактикалық дайындау. "Болашақ аналар" мектебінде сабақ өткізу.

Әйелдердің репродуктивті денсаулығын қорғау, отбасын жоспарлау бойынша көрсетілетін қызметтер;

Экстро - гениталдық патология бойынша күндізгі стационарға жүкті әйелдердің патологиясы бойынша, салалы емдеу мекемелеріне уақытылы жатқызылуы қажет болған жүкті әйелдерді анықтау;

Әйелдердің жыныс мүшелерінің гинекологиялық, онкологиялық ауруларын ерте анықтау мақсатында алдын – ала тексеру;

Созылмалы, гинекологиялық аурулармен ауыратын әйелдер үшін динамикалық бақылау;

Күтпеген жүктіліктің алдын – алу үшін әйелдерді контрацепциямен қамтамасыз ету.  

Диагностикалық бөлім

Бөлім меңгерушісі - Мустафаева Айгуль Темирхановна

Сәулелеу және функционалды диагностика бөлімі рентген, ультрадыбыстық және функционалдық кабинеттерден тұрады. Рентген кабинетте қазіргі замандағы санды жан жақты рентгендиагностикалық аппараттар қондырылған, басқа осыған ұқсас аппараттармен салыстырғанда пайдалану кезінде сәулелендіру екі есеге төмен.

Кабинеттерде функционалдық сынақ және бас – сүйек омыртқа облыстарына зерттеулерді қоса көкірек жасушасы мүшесі (рентгенография, рентгеноскопия, томография), ЛОР-мүшелері, сүйек-буын жүйелеріне зерттеудің барлық түрлері атқарылады. Асқазан ішек жолдарын тексеру (асқазан, өңеш, ирригоскопия рентгеноскопиясы) стандарттық әдіс бойынша және алғашқы бір уақытта қайта контрастау әдісі бойынша жүргізіледі, сондай ақ аш ішекке полипозды зерттеу жүргізіледі. Фистулографияда (ішек жыланкөзін контрасты заттармен толтыру арқылы соңынан қажетті түсірім серияларын орындаумен патологиялы ішек жыланкөзіне зерттеу) жүргізіледі.

Стоматологиялық рентген кабинетінде барлық тістеріне ортопантомограмманың кеңейтілген түсірілімін алуға болады. Тістің көздеген түсірілімі оның және оған жақын сүйек тіндерінің жағдайын толық бағалауға мүмкіндік береді. 

Бөлім қызметкерлері - жұмыс өтілі жоғары мамандар аттестациялық біліктілік санатқа ие. Бөлім техниканың соңғы талаптарына жауап беруші және адамдар үшін қауіпсіз қазіргі замандағы техникалармен жабдықталған. Функционалдық және сәулелендіру диагностикаларының қазіргі замандағы әдістері енгізілген: ЭКГ және АД холтер мониторлеу, СМАД – артериалды қысымды мониторлеу, тредмил – тест, электрокардиографиялық зерттеулер. Барлық мүше ауруларына ультрадыбыстық зерттеулер және доплер – диагностика. Ішек-қарын жолына ФГДС зерттеу, ішек-қарын жолдарының жоғарғы бөлігіне зерттеу әдісі, өңеш, асқазан, он екі елі ішектеріне әрі қарай гистологиялық тексеру, колоноскопия. 


Күндізгі бөлім

Бөлім меңгерушісі – Кушербаева Роза Темешовна

І санаттағы балалар дәрігері, жалпы тәжірибие дәрігері, еңбек өтілі: 21 жыл.

2007 жылғы қараша айында ШЖҚ "№5 қалалық емхана" МКК тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде тұрғындарға жалпы терапиялық, педиатриялық салада  стационар ауыстырушы көмек көрсетілетін күндізгі стационар бөлімі ашылды. Күндізгі стационар ересек корпусының 3 қабатында орналасқан, 41 ересек төсек – орынға есептелген. Балалар күндізгі стационары  балалар корпусының 2 қабатында орналасқан, 12 төсек – орынға есептелген. Жұмыс тәртібі сағат 08:00 – 18:00 дейін.  Процедура  2 ауысымда жүргізіледі. Күндізгі стационарда жоспарлы түрде емделушінің емдеуге жолдамасы, зертхана қорытындылары, құралдық зерттеулер және осы емделушінің емдеу үшін қажетті салалық мамандар кеңесі болған жағдайда жүргізіледі. 2014 жылдан бастап күндізгі станционар бөлімінің құрамына тәулік стационарда емдеу мен бақылауды талап етпеуші оперативтік қызметтер көрсететін амбулаториялық  хирургия орталығы енгізілді. Амбулаториялық хирургия барынша женіл операциялар жүргізуге  бағыталған.

Күндізгі стационардың негізгі міндеттері:

Ауруы жоғары, сондай ақ жиі және ұзақ уақыт ауыратын қауіп тобындағы тұлғаларды алдын ала сауықтыру;

Науқастар, мүгедектер, жүкті әйелдерге оңалту және сауықтыру көмплекстік емдеу курсын жүргізу;

Алғаш диагноз қойылған немесе ауру дәрежесінің өзгеруі кезінде созылмалы аурумен ауырған науқастарды адекватті терапияға іріктіру;

Амбулаторлық жағдайда ота жасалған науқастарға отадан кейінгі медициналық бақылау;

Медициналық көмектің қолжетімділігіне қамтамасыз ету, емделушілердің емге келу мерзімін қысқарту;

Ауруханаға жатпай, тұрақты мекен – жай бойынша білікті көмек алу мүмкіндігін қамтамасыз ету. 

Зертханалық бөлім

Бөлім меңгерушісі - Дусмагамбетова Айгуль Мукатовна

Медицина ғылымдарының кандидаты, врач-бактериолог 

ШЖҚ "№ 5 қалалық емхана" МКК Зертхана бөлімі өз алдына құрылымды бірлік болып 2010 жылғы 14 сәуірде ұйымдастырылған. Бөлім "Әлеуетті қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланушы санитарлық – эпидемиологиялық талаптар" Санитарлық ережелерге, еңбек және техника, өрт қауіпсіздігін сақтау және басқа орын жайға қойылған нормативтік талаптарға сәйкес адам ағзасындағы биологиялық материалдармен эпидемияға қарсы тәртіп жұмыстарын, сондай ақ паразитоздарды қоздырғыштармен және ІІІ-ІV топтарындағы патогендік микроорганизмдерін сақтауды қамтамасыз ететін орында орналасқан. Зертхана бөлімі ересектер корпусының 1 және 3 қабаттарында және балалар корпусының 1 қабатында орналасқан. 

Зертхана бөлімінің қызметтік құрылымына:

- Клиникалық-диагностикалық зертхана (КДЗ);

- Бактериологиялық зертхана (БЗ);

- Қақырықты бактериоскопиялық зерттеу кабинеті кіреді. 

Зерттеудің барлық спектрі ТМККК шеңберінде, сондай ақ келісім шарт (ақылы) негізінде жүргізіледі. Келісім шарт негізінде өткерілетін зерттеулер Ақылы қызмет көрсету тәртібі туралы ережеге сәйкес жүргізіледі.

Зерттеуге биологиялық материалдарды қабылдау күн сайын сағат 08.00 - 09.30 – ға дейн жүргізіледі. 

Зертхана бөлімінде барлығы 6 дәрігер, 1 маман, 10 зертханашы, 7 еден жуушы жұмыс істейді. 

Алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімі

Бөлім меңгерушісі - Байдалина Багдат Тлеукеновна

Медицина ғылымдарының кандидаты, еңбек өтілі: 30 жыл. 

Алдын алу және әлеуметтік - психологиялық көмек көрсету бөлімі халыққа әлеуметтік - психологиялық көмек көрсетеді және әлеуметтік мәселелерді шешуге жәрдемдеседі. Бөлімнің құрамы: әлеуметтік қызметкерлер, психологтар, СӨС дәрігері, диспансеризация дәрігері, дәрігерге дейінгі қабылдау кабинетінің медбикесі.

Әлеуметтік қызметкерлер – емханаға тіркелеген халыққа арнайы әлеуметтік қызмет көрсетеді, жеке адамдар және топтардың әлеуметтік қызмет көрсетудегі мәселелерін анықтайды, сауықтыру үдерісіне халықты  белсенді араластырады, қамқорлық пен қорғаншылықты бекіту, жәрдемақыларды тағайындау құжаттарын дайындауға, интернат-үйлеріне анықтауға және басқа жәрдем түрлерін алуға көмектеседі.

Психолог мамандары психологиялық қызметтер көрсетеді, емханаға тіркелген халықпен психодиагностикалық, психокоррекциялық, психопрофилактикалық жұмыстарды жүргізеді.  Психологтардың негізгі жұмыстары қаралушы тұлғасының дамуындағы ауытқуларды түзету мен  психикалық денсаулықты қалпына келтіруге, қаралушы тұлғасының үйлесімді дамуына кедергі жасайтын жағдайларды анықтауға  бағытталған.

Бөлім скринингтік тексеру жүргізеді – бұл ауруларды немесе қауіпті факторларды ерте сатысында анықтау үшін белгілі бір жастағы сау тұлғаларды алдын ала профилактикалық медициналық тексеруден өткізу, емдеу тиімділігін арттыру және асқынушылықтың алдын алу.

"Шуақ" Жастар денсаулық сақтау орталығы

"Жастарға достық қызметтерін енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2006 жылғы 19 қазандағы №491 бұйрығын және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы тұрғындардың денсаулықтарын қорғау бойынша Үйлестіру кеңесінің шешімін орындау үшін, жасөспірімдер мен жастардың денсаулықтарын жақсарту мен нығайту мақсатында ШЖҚ МКК "№5 қалалық емхана" "Шуақ" Жастар денсаулық сақтау орталығы құрылды.

"Шуақ" Жастар Денсаулық Орталығы 10 және 24 жас аралығындағы жастар мен жасөспірімдерге кешенді алдын алу, диагностикалық және психоәлеуметтік көмек көрсетеді. ЖДО іс-әрекеті еріктілік, жетімділік, мейірімділік, сенімділік және жас адамдардың жоспарлау, мониторингке қатысу қағидаларына негізделген.

Жастар біздің орталықта төмендегідей мәселелер бойынша кеңестер алады:

- Маскүнемдіктің, нашақорлықтың және шылым шегудің алдын алуы;

- Отбасын жоспарлау;

- Жыныстық жолдармен берілетін АИТВ/ЖҚТБ жұқпаларының алдын алу;

- Дұрыс тамақтану;

- Психикалық денсаулық;

- Қатыгездік пен зорлық – зомбылықты алдын алу.

Мамандандырылған бөлім

Мамандандырылған бөлім меңгерушісі - Абилдаева Гулжан Таргыновна

Мамандандырылған медициналық көмек бөлімі ШЖҚ "№ 5 қалалық емхана" МКК құрылымдық бөлімі болып табылады және құрылған күннен бастап осы күнге дейін бөлімде хирургия, онкология, маммология, неврология, офтальмология, оториноларингология, кардиология, эндокринология, пульмонология, стоматология, ревматология, травматология, проктология, урология, гастроэнтерология, соның ішінде балалар офтальмологиясы, оториноларингология, хирургия, жұқпалы аурулардың алдын алу, емдеу дене шықтыру және емдік массаж кабинеттері мамандары бойынша емделушілерге мамандандырылған медициналық көмек көрсетіліп келеді.

Мамандардың негізгі міндеттері балалар мен ересек тұрғындарға мамандандырылған емдеу-диагностикалық, алдын алу және консультативтік көмек көрсету  болып табылады. Бөлім ауруды диагностикалау және емдеу үшін қазіргі замандағы медициналық аппаратуралар және құралдармен жабдықталған. Сүт безі обыры ауруын төмендету және ерте диагностикалауды жақсарту үшін маммологиялық кабинетінің жұмысы жөнге салынған.

Бөлімнің міндеті: Жіті созылмалы аурулармен амбулаторлық жағдайда тұрғындарға мамандандырылған көмек көрсету. Емханада, денсаулық жағдайы және ауру түріне қарай емханаға қатынау қиындық туғызатын науқастарға үйінде амбулаторлық қабылдау, емдеу – диагностикалық кеңес, ауру көрсеткішіне қарай ауруханаға жатқызу мәселесін шешеді. Емделушілерге қазіргі заман әдістері мен медициналық ғылым және техниканың жетістігін пайдалана отырып ем жүргізу. Ауруханаға жатқызу бюросының порталы арқылы науқастарды жоспарлы ауруханаға жатқызуды іске асыру. Науқастарды қалыпқа келтіріп емдеу және медициналық оңалтырумен қамтамасыз ету. Мамандар бойынша дәрі-дәрмектермен (ТМККК) қамтамасыз етудің ай сайынғы мониторингін жүргізу. Бұқаралық ақпараттар құралын пайдалана отырып, көргізбелі құралдармен стендтер дайындап, жұқпалы аурудың (ЖРВИ, ЖІЖ, түйнеме, т.б.)  алдын алу бойынша тұрғындар арасында семинар жүргізу арқылы тұрғындарға аурудың алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы түсіндіру жұмыстарын өткізу.

Мамандандырылған бөлім дәрігерлері ауруды емдеу диагностикасының жаңа әдістерін үйрететін Қазақстанның бастаушы клиникаларында оқудан өтеді. 

Ақылы қызмет көрсету бөлімі

Бөлімінің менгерушісі - Мустафаева Айгуль Темирхановна

Ақылы бөлім медициналық қызметтің барлық түрлерін көрсетеді.  Мамандардың кеңесінен бастап хирургиялық операциялардың түрлеріне дейін барлық қызмет түрлерімен қамтылған.

Мамандандырылған, тәжірибелі дәрігерлері сіздің деніңіздің сау және сымбатты болуы үшін қолдарынан келген көмегін аямайды.

Сізге қолайлы уақытта заманауый талаптарға сай қызмет етуге арқашан дайын бөлім болып табыламыз.

Медициналық қызметтің келесі түрлерін көрсетеміз:

- Мекемемелердің аралық медициналық тексерулерін өткізеді.

- 083/у формасы бойынша жүргізішіге арналған тексеруді жүргізеді.

- Қаруду қолдануға және сақтауға арналған 108/е формасына арналған медициналық тексеру жүргізеді.

- Жеке медициналық кітапша бойынша медициналық тексеруді қамттамассыз етеді. Оқуға және жұмысқа тұрушыларға арналған тексерістен өткізеді.

Невропатологтың кеңесі:

- Жоғарымамандандырылған кеңес

- Жүйке жүйесі ауруларының

- Профосмотр

- Блокада жүргізу 

Терапевт дәрігерінің қызметтері:

- Комплексті тексеру және емдеу

- Профосмотр

- Жұмысқа жарамдылық беру; 

Окулист дәрігерінің қызметтері:

- Көз ішілік қысымды анықтау

- Көзілдірік таңдау 

- Кілегей жолдарын жуу

- Көз түбін қарау 

- Тонометрия жүргізу 

- Көз өткірлігін тексеру 

- Түстік көрсеткішін анықтау 

- Парабульбарлы инъекция жасау 

Хирург дәрігерінің қызметтері: 

- Косметикалық тігіс салу

- Жарақаттан тігісті алу 

- Жарақатты өндеу 

- Сүндеттеу 

- Қатерсз ісікті алып тастау

- Бөгде затты алып тастау 

Оториноларинголог дәрігерінің қызметтері: 

- Гайморных қуысын пункциялау 

- Мұрын қуысын жуу

- Есту жолдарын тазалау 

- Жарақаттан тігісті алу

- Есту түтігін катетеризациялау 

Мамандардың кеңестері:

- Кардиолог

- Эндокринолог 

- Хирург 

- Уролог

- Травматолог

- Отоларинголог 

Офтальмолог 

Диагностика:

- Рентгенодиагностика жүргізу 

- Ультрадыбыстық зерттеу (іш қуысын , қалқанша безін, кіші жамбас мүшелерін, аталық безді, несеп шығару жолдарын, журек –қан тамыр жуйесін тексереді)

- Функциональналды тексеру

- Эндоскопия жүргізу

Лабораторлы қызметтер:

- Жалпы қан талдауы, жалпы несеп талдауы, нәжісті тексеру

- Қанды биохимиялық тексеру 

- Инфекцияға және гормондарға тексеру

- Бактериологиялық және  бактериоскопиялық тексерудің барлық түрлері 

- Заманауи талаптарға сай, бір реттік қолдануға арналған заттармен қамтамассыз етлген.

- Жұмыс уақыты: дуй-жұма 8.00-18.00 

Қан алу уақыты: дуй-жұма 8.00-10.00

кабинет №330  №120  №149

Физиопроцедуралар және массаж:

- Физиотерапия

- ЛФК

- Магниттік ем 

- Электрофарез

- УЗТ 

- УВЧ

- Бернер тоғымен емдеу

- Массаж

- Инемен емдеу

- Фитобөшкеде емдеу 

Ақылы бөлімнің байланыс телефондары: 8 (7172) 28 95 33; ұялы: 8 701 031 66 04

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу